Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№21 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"№21 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Біз туралы

№21 орта мектеп ең алғаш 1968 жылы құрылып, пайдалануға берілген. Мекеменің жер алаңы 1,287га, ал жалпы алаңның ауданы 894 ш.м. құрайды. Мектеп ғимараты 2 қабатты, 1 корпусты. Мектеп қазақша және орысша тілде білім береді. Мектептің ең бірінші басшысы болып Койгельдиев Ермек Молдаханович тағайындалған. Мектеп 256 орынға арналып ашылған. Койгельдиев Ермек Молдаханович өзі басқарған 1968-2002 жылдары кезінде алғашқы ұйымдастырушылық жұмысына күш салған. Мектептің өсуіне, көркейуіне, оқушылардың сапалы білім алуына ат салысты. Одан кейін мектеп директорлары болып Джундубаева Галина Калибековна (2002-2004 жылдары), Криворотова Людмила Петровна (2004-2007 жылдары), Шатахова Урипа Амирхановна (2007-2010 жылдары), Казербаева Гульнара Кульжабаевна (2010-2011жылдары), Италмасова Айсулу Есеновна (2011-2014 жылдары) 2013-2019 оқу жылынан бері Нургожаева Гулнара Аманбаевна ,2019-2020 Болысбеков Жанайдар, 2020-2024 Алимкулова Гульжанат Болатовна басшылық еткен. Қазіргі таңда Адижанов Қуат Алимжанович басшылық етуде. Әр басшы басқару уақытында мектептің техникалық базасын молайтуға, кадрлардың сапалық білімін арттыруға өз үлестерін қосты.

2025-2026 оқу жылында бері Адижанов Қуат Алимжанович басшы қызметін атқарып келеді. Басқару барысында туындаған мәселелерді ұтымды шешуімен, кадрлар мен оқушылардың білім сапасын арттыруда, мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мектеп басшысы көп еңбектенумен ерекшеленіп жүр.

Сынып комплектісі – 30. Оқу ауысымы-3. Мектеп оқушылары жаратылыстану және математика пәндерін тереңдете отырып, екі тілде оқытылады.

2025-2026 оқу жылында 55 мұғалім қызмет атқаруда, оның ішінде 55 мұғалім жоғары білімді, 1 мұғалім арнаулы орта білімді. Педагог зерттеуші – 8,педагог сарапшы – 10, педагог модератор – 20, санаты жоқ– 15.

Мектептегі оқушылар саны: 469, оның ішінде мектепке дейінгі- 17, бастауыш сынып 222 , орта буында-219, жоғарғы буын-28.

Жылу жүйесі – орталықтандырылған, сынып кабинеттерінде 20-23 градус температурасы. ТОО «Көктерек -су» ҮКШ мекемесі жылу қамтамасыз етеді.

Мектептердегі материалдық- техникалық базасы:

Мектепте интернет желісінің жылдамдығы 100 мб/с дейін, 1 және 2 қабатта Wi-fi қосылған. Компьютер кабинеті – 1, компьютерлер саны- 156, мектептегі компьютерлерді бала басына шаққандағы саны- 4, лингафонный кабинеттер саны- 0, интерактивті тақталар саны-4, жаңа модификациядағы оқу кабинеттер саны-2, биология және физика.

Жалпы- 10 оқу кабинеті, 1 спортзалы және 20орынға арналған асхана жұмыс жасайды

Толығырақ

Пайдалы ресурстар

Біз картада